Жаңалықтар
News and press releases
ЕҚЫҰ-ның жаһандық қызметі туралы жаңалықтар мен баспасөз-релиздер
ЕҚЫҰ Қазақстанның активтерді қайтару саласындағы заңнамасы мен мүмкіндіктерін жетілдіру бойынша ынтымақтастықты бастады
Publishing date: 26 қаңтар 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет
2024 жылғы 26 қаңтарда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Офисінің Басшысының орынбасары, Юрий Фенопетов, Бас прокуратурасының Активтерді қайтару жөніндегі комитетінің төрағасы, Нұрдәулет Суиндиков мырзамен кездесіп, Қазақстандағы заңсыз қаржылық қызметке қарсы күрес жөніндегі бірлескен жұмысты талқылады.
ЕҚЫҰ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы трансшекаралық су жолдарындағы диалог пен сенімді нығайтуға жәрдемдесті
Publishing date: 22 қараша 2023
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Climate change, Экологиялық қызмет, Water management
2023 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерін пайдалану жөніндегі Комиссиясының Хатшылығы (бұдан әрі – Комиссия) жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Жұмыс тобының 11-ші отырысы өтті.
ЕҚЫҰ 2011 жылғы Вена құжаты шеңберінде Қазақстандағы әуе база мен әскери нысанға сапарды қолдады
Publishing date: 5 қазан 2023
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Қару-жарақты бақылау
2023 жылғы 3 және 4 қазанда Астанадағы ЕҚЫҰ-ның Бағдарламалар офисі Қазақстанның Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, ЕҚЫҰ-ға қатысушы 25 мемлекеттің верификациялық орталықтары өкілдерінің Талдықорған қаласындағы 604-ші әуе базаға және 37-ші десанттық-шабуылдау бригадасына сапарын қолдады.
ЕҚЫҰ Қазақстанда 2011 жылғы Вена құжатының нормалары бойынша әскери қызметкерлерді оқытуда
Publishing date: 26 мамыр 2023
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
2023 жылдың 25 мамырында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен 2011 жылғы Вена құжатының іс жүзіндегі қолданысы бойынша Әзірбайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан және Түркменстан елдерінің 27-ге жуық әскери қызметкерлеріне арналған аймақтық оқыту курсы аяқталды.
«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасы
Publishing date: 14 наурыз 2023
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экономикалық қызмет, Білім беру, Жастар
Ағымдағы жылдың 13 наурызында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі (Офис) «Жастар алауы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуын арттыру мақсатында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасын ұйымдастырды. Іс-шара сыбайлас жемқорлықты анықтау, ақпараттандыру және онымен күресудегі жастардың маңызды рөліне назар аудара отырып, ақпараттандыруды арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ынталандыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіретін, экономикалық өсуді тежейтін және адамдардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізетін күрделі мәселе болып қала береді. «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке жұмылдыра отырып, диалог алаңы мен білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Оған ірі компаниялардың, ғылыми ортаның және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылады. Панельдік пікірталас қатысушыларға мазмұнды диалог және сыбайлас жемқорлыққа қатысты тақырыптар бойынша сарапшылардан білім алуға мүмкіндік берді. Шара барысында мекемелердегі ашықтық пен есептіліктің маңыздылығы сынды маңызды тақырыптар қозғалды. «...Бұл жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысып жатқан ынта-жігері шын мәнінде шабыттандырады және бұл олардың еліміздің болашағын қалыптастырудағы маңызды рөлді түсінетінін көрсетеді».- Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Мирас Қарғабай. Сонымен қатар, іс-шара аясында байқау өткізілді. Байқау барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайларын имитациялайтын зерттеу істерімен бетпе-бет келді. Осылайша, байқау жастарды проблемаларды анықтауға және соған сәйкес әрекет етуге шақыра отырып, оларды өз қауымдастықтарындағы ашықтық пен есеп берудің чемпионы болуға шабыттандырды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресті президенттік реформаның ағымдағы күн тәртібіндегі басты басымдықтардың біріне айналдырды. 2020 жылдың қыркүйегінде Президент Тоқаев институционалдық және құқықтық базаны нығайтуға, ашықтықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның қатысуын ынталандыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатты бастады. Бұл саясаттың негізгі басымдығы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуын ынталандыру болып табылады, бұл «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасының мақсаттарына сәйкес келеді. Жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке шақырған, елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін бірлесе жұмыс істейтін жас көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыруға үлес қосқан іс-шара Офистің қолдауымен өтті. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жалғастырып жатқандықтан, жастардың қатысуы олардың табысқа жетулерін қамтамасыз етуде және ашықтық пен есеп беру мәдениетін ілгерілетуде өте маңызды болып келеді.
ДИАҚБ Қазақстанда сайлауды бақылау миссиясын бастайды
Publishing date: 8 ақпан 2023
Content type: Баспасөз-релиздер
Where we are: OSCE Office for Democratic Institutions and Human Rights
What we do: Сайлау
АСТАНА, 8 ақпан 2023 ж. – Ұлттық биліктің ресми шақыруы бойынша және өз мандатына сәйкес ЕҚЫҰ-ның Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) бүгін 19 наурызда Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлауды байқау бойынша миссиясын бастады.
ДИАҚБ Қазақстанда сайлауды бақылау миссиясын бастайды
Publishing date: 19 қазан 2022
Content type: Баспасөз-релиздер
Where we are: OSCE Office for Democratic Institutions and Human Rights
What we do: Сайлау