«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасы
Ағымдағы жылдың 13 наурызында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі (Офис) «Жастар алауы» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске қатысуын арттыру мақсатында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасын ұйымдастырды.
Іс-шара сыбайлас жемқорлықты анықтау, ақпараттандыру және онымен күресудегі жастардың маңызды рөліне назар аудара отырып, ақпараттандыруды арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетті ынталандыруға бағытталған. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік институттарға деген сенімге нұқсан келтіретін, экономикалық өсуді тежейтін және адамдардың күнделікті өміріне кері әсерін тигізетін күрделі мәселе болып қала береді.
«Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасы жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке жұмылдыра отырып, диалог алаңы мен білім алу мүмкіндігімен қамтамасыз етті. Оған ірі компаниялардың, ғылыми ортаның және мемлекеттік органдардың өкілдері қатысып, сыбайлас жемқорлықпен күрестің проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылады. Панельдік пікірталас қатысушыларға мазмұнды диалог және сыбайлас жемқорлыққа қатысты тақырыптар бойынша сарапшылардан білім алуға мүмкіндік берді. Шара барысында мекемелердегі ашықтық пен есептіліктің маңыздылығы сынды маңызды тақырыптар қозғалды.
«...Бұл жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске атсалысып жатқан ынта-жігері шын мәнінде шабыттандырады және бұл олардың еліміздің болашағын қалыптастырудағы маңызды рөлді түсінетінін көрсетеді». - Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Превенция қызметінің басшысы Мирас Қарғабай.
Сонымен қатар, іс-шара аясында байқау өткізілді. Байқау барысында қатысушылар сыбайлас жемқорлықтың нақты жағдайларын имитациялайтын зерттеу істерімен бетпе-бет келді. Осылайша, байқау жастарды проблемаларды анықтауға және соған сәйкес әрекет етуге шақыра отырып, оларды өз қауымдастықтарындағы ашықтық пен есеп берудің чемпионы болуға шабыттандырды.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлықпен күресті президенттік реформаның ағымдағы күн тәртібіндегі басты басымдықтардың біріне айналдырды. 2020 жылдың қыркүйегінде Президент Тоқаев институционалдық және құқықтық базаны нығайтуға, ашықтықты арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғамның қатысуын ынталандыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа саясатты бастады. Бұл саясаттың негізгі басымдығы жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың тиімділігін арттыру және олардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске белсенді қатысуын ынталандыру болып табылады, бұл «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» іс-шарасының мақсаттарына сәйкес келеді.
Жастарды сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке шақырған, елдегі сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін бірлесе жұмыс істейтін жас көшбасшылар қауымдастығын қалыптастыруға үлес қосқан іс-шара Офистің қолдауымен өтті. Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларды жалғастырып жатқандықтан, жастардың қатысуы олардың табысқа жетулерін қамтамасыз етуде және ашықтық пен есеп беру мәдениетін ілгерілетуде өте маңызды болып келеді.