Жаңалықтар
News and press releases
ЕҚЫҰ-ның жаһандық қызметі туралы жаңалықтар мен баспасөз-релиздер
Су ресурстарын тұрақты басқару: ЕҚЫҰ Тобыл-Торғай бассейндік кеңесін стратегиялық басқару жоспарын әзірлеуде қолдау көрсетуде
Publishing date: 24 желтоқсан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экологиялық қызмет, Water management
2024 жылғы 9 желтоқсанда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар Офисі (Офис) Тобыл-Торғай бассейндік кеңесін қолдауға бағытталған екі жылдық жобаның алғашқы кезеңін қорытындылаған іс-шара өткізді. Жобаның негізгі мақсаты – Кеңестің әлеуетін нығайту және су ресурстарын кешенді әрі тұрақты пайдалану үшін стратегиялық басқару жоспарын әзірлеу.
ЕҚЫҰ Қазақстанда төтенше жағдайлар қаупін азайту мақсатында интерактивті карталар мен қауіпсіздік паспорттарын ұсынды
Publishing date: 18 желтоқсан 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Disaster risk reduction, Экологиялық қызмет
2024 жылдың 6 желтоқсанында ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар Офисі Қазақстан аумақтары үшін интерактивті карталар мен қауіпсіздік паспорттарын әзірлеуге бағытталған екі жылдық жобаның нәтижелерін ұсынды. Бұл жоба Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі және Төтенше жағдайлар және апат қаупін азайту орталығымен бірлесіп жүзеге асырылды. Мақсаты — табиғи апаттарды бақылау, модельдеу және ерте ескерту мүмкіндіктерін күшейту, сондай-ақ олардың салдарын болдырмау мен азайту арқылы қауіпсіз және тұрақты қауымдастықтарды құру.
Қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және су нысандарының кездейсоқ ластануының алдын алу бойынша жұмыс тобының отырысы өтті
Publishing date: 28 тамыз 2024
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
2024 жылғы 26 тамызда ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі (бұдан әрі-Офис) Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) және Халықаралық суды бағалау орталығымен (СРБО) ынтымақтастықта қалдық қоймаларының қауіпсіздігі және Қазақстандағы су объектілерінің кездейсоқ ластануын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының (ВЖТ) 3-ші отырысын өткізді.
ЕҚЫҰ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы трансшекаралық су жолдарындағы диалог пен сенімді нығайтуға жәрдемдесті
Publishing date: 22 қараша 2023
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Climate change, Экологиялық қызмет, Water management
2023 жылдың 21 қарашасында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық пайдаланудағы су шаруашылығы объектілерін пайдалану жөніндегі Комиссиясының Хатшылығы (бұдан әрі – Комиссия) жанындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Жұмыс тобының 11-ші отырысы өтті.
ЕҚЫҰ Шу және Талас өзендері бассейнінде трансшекаралық су ынтымақтастығын ілгерілетуде
Publishing date: 18 қараша 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экологиялық қызмет
2021 жылы 18 қарашада Алматы қаласында Шу-Талас су шаруашылығы комиссиясының (Комиссиясының) Хатшылығы қарауындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының отырысы өтті. Кездесуді Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисі мен ЕҚЫҰ-ның Бішкектегі Бағдарламалық офисі Комиссиямен тығыз ынтымақтастық негізінде ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ Шу өзені суқоймасындағы сулы-батпақты алқаптарды сақтау жөніндегі зерттеуді қолдайды
Publishing date: 12 қараша 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экологиялық қызмет
2021 жылдың 12 қарашасында Алматы қ. Шу-Талас су шаруашылық комиссиясының (Комиссия) Хатшылығы қарауындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының қазақстандық өкілдігімен кездесу өткізілді. Бұл кездесуді Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Комиссия мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
ЕҚЫҰ Қазақстандағы жасыл кеңсе конкурсының жеңімпаздарын марапаттады
Publishing date: 28 қазан 2021
Content type: News
Where we are: ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі
What we do: Экологиялық қызмет
2021 жылдың 22 қазанында Нұр-Сұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен жасыл кеңсе конкурсының жеңімпаздары жарияланды. Бұл конкурс мемлекеттік мекемелерге, жеке компанияларға, азаматтық қоғамға және халықаралық ұйымдарға қалдықтарды азайтуға және оларды қайта өңдеуге ерекше көңіл бөле отырып, ресурстарды тұрақты пайдалануға мүмкіндік берді.