ЕҚЫҰ Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару және климаттық қауіпсіздік жөніндегі семинарды қолдайды
2021 жылғы 29 қыркүйекте Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен Орталық Азиядағы су ресурстарын басқару және климаттық қауіпсіздік жөніндегі үш күндік семинар аяқталды. Іс-шараға Орталық Азия мен Ауғанстандағы климаттық өзгерістер және су ресурстарын басқару саясатына жауап беретін 30-ға жуық жас мемлекеттік қызметкерлер, студенттер және мемлекеттік ұйымдардың өкілдері қатысты.
Іс-шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан-Неміс университетімен ынтымақтастықта ұйымдастырды. Семинарда Орталық Азиядағы су қауіпсіздігі бойынша құқықтық мәселелерге шолу жасалды. Баяндамашылар өңірдегі елдердің су ресурстарына климаттық өзгерістердің әсер етуі нәтижесінде кездесуі мүмкін тәуекелдерді және оның тәуелді секторларға қалай әсер етуі мүмкін екендігін талқылады.
БҰҰ-ның алдағы климаттық өзгерістер жөніндегі саммиті (Глазгода өтетін COP26) аясында қатысушылар Париж келісімінің негізгі элементі - ұлттық деңгейде айқындалатын салымдар тұжырымдамасын және Орталық Азия елдерінің өздерінің мәлімделген үкіметтік міндеттемелерін орындауын қарастырды.
Екінші жыл қатарынан семинар COVID-19 пандемиясына байланысты аралас форматта өткізіліп келеді.
Биылғы іс-шара Бағдарламалар офисінің қолдауымен бесінші семинар болып табылады және Офистің жастарды тарту және Орталық Азия өңірі мен Ауғанстандағы экологиялық көшбасшылықты ілгерілету жөніндегі бұрыннан келе жатқан күш-жігерінің бір бөлігі болып табылады.