ЕҚЫҰ Шу өзені суқоймасындағы сулы-батпақты алқаптарды сақтау жөніндегі зерттеуді қолдайды
2021 жылдың 12 қарашасында Алматы қ. Шу-Талас су шаруашылық комиссиясының (Комиссия) Хатшылығы қарауындағы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының қазақстандық өкілдігімен кездесу өткізілді. Бұл кездесуді Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Комиссия мен Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығымен ынтымақтастықта ұйымдастырды.
20-ға жуық қатысушылар ЕҚЫҰ қолдауымен жүргізілген Шу өзенінің суқоймасындағы сулы-батпақты алқаптарды сақтау үшін қажеттіліктерді бағалау жөніндегі зерттеудің қорытындысы мен ұсыныстарын талқылады. Бұл зерттеу 2021 жылдың шілдесінен қарашасына дейін Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығымен ынтымақтастықта жүргізілді. Оны ихтиофауна, орнитология, геоботаника және гидрология салаларында маманданған төрт ұлттық сарапшы өткізді. Кездесу мақсаты Шу өзені суқоймасының қазақстандық бөлігінің сағаларындағы сулы-батпақты алқаптардың жағдайын бағалау және маңызды экожүйелерді сақтау бойынша алдағы әрекеттер жоспарын әзірлеу болып табылды. Зерттеу нәтижелері Комиссия Хатшылығы қарауындағы Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жұмыс тобының 9-шы отырысында талқыланбақ.
Шу өзенінің суқоймасы Қазақстан мен Қырғызстанды бөліп тұр. Климаттың өзгеруі сияқты туындайтын мәселелерге жауап ретінде, қоршаған ортаны қорғау мен әлеуметтік-экономикалық даму арасында теңгерімді қамтамасыз ете тұра, экожүйелерді сақтау мақсатында алдын ала және бейімделгіш шаралар қолдану керек.
Шу-Талас су шаруашылық комиссиясы өзен суқоймаларын бірлесіп басқару және экожүйелерді қорғау бойынша іс-әрекетке қолғабыс ету үдерісіне мүдделі тараптарды тарту арқылы ақпаратқа қол жеткізуді жақсарту мақсатында Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы екіжақты ынтымақтастыққа жағдай жасауда.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің мемлекеттік институттардың су ресурстарын тиісті басқару мәселелеріндегі хабардар болуын және мемлекеттік институттардың әлеуетін арттыру, және трансшекаралық су диалогына жәрдемдесу бойынша көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.