Конфликтіге сезімтал тақырыптарды баяндау бойынша онлайн семинар
Қашан
Қайда
Ұйымдастырушы(лар)
Іс-шараның видео-жазбасын мынадан көруге болады.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалық офисі 2020 жылдың 7 қыркүйегінде бұқаралық ақпарат құралдарының, ғылыми орта, халықаралық ұйымдардың, журналистер мен блогерлерге арналған конфликтіге сезімтал тақырыптарды баяндау бойынша онлайн семинарды ұйымдастырды. Қатысушылар конфликт зонасында баяндау кезіндегі журналистердің қауіпсіздігі туралы ақпаратпен танысты және оларға оқиғаларды ақпараттық баяндауды қамтамасыз ету үшін конфликтті талдаудың қажетті құралдары түсіндірілді. Олар конфликттеуші тараптар өтетін циклдар туралы білді. Қатысушылар журналистер мен блогерлер қақтығыстарға араласпау және оқиғаны дұрыс баяндау үшін өзін қалай ұстау керектігі туралы ақпаратты жақсарту жолдарын қарастырды. Қатысушылар интерактивті тәсілді қолдану арқылы іс-шарада алған дағдыларын практикалық тапсырмада қолдану мүмкіндігін пайдаланды.