Журналистер мен блогерлер жұмысындағы құқықтық қауіптер бойынша онлайн семинар
Қашан
Қайда
Ұйымдастырушы(лар)
Іс-шараның видео-жазбасын мынадан көруге болады.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі журналистер мен блогерлер жұмысындағы құқықтық қауіптер бойынша онлайн семинарды 55-ға жуық БАҚ, ғылыми орта, азаматтық қоғамның өкілдері мен заңгерлер үшін ұйымдастырды. ЕҚЫҰ қолдаған сарапшы және "Құқықтық медиа-орталық" ҚБ өкілі Гүлмира Біржанова БАҚ саласындағы заңнамаға, ар-намысты қорғау туралы сот істеріне, сондай-ақ өзінің суреттелуіне байланысты құқық және балалардың құқықтарына қатысты презентация жасады. Семинар БАҚ саласындағы мамандардың Қазақстандағы БАҚ заңнамасы туралы хабардарлығын арттыруға және журналистер мен блогерлердің күнделікті жұмысында тиімді қолдануға бағытталды.
Бұл іс-шара ЕҚЫҰ ұстанымдары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ дамуына қолдау көрсету және пікір білдіру бостандығы бойынша Бағдарламалар офисінің жұмысының бір бөлігі болып табылады.