ЕҚЫҰ Қазақстандағы экологиялық қоғамдық тыңдалымдар жөніндегі дөңгелек үстелді қолдауда
2019 жылғы 3 қазанда Қазақстандағы Қарағанды қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен жұртшылықтың Қарағанды облысындағы экологиялық маңызы бар шешімдерді қабылдау үдерісіне қатысу құралы ретіндегі қоғамдық тыңдалымдарды жүргізуді және оның мониторингін талқылау жөніндегі дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі және «Қарағанды облысының экологиялық мұражайы» Қоғамдық Қоры (ЭкоМұражай) ұйымдастырды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардан, экологиялық ҮЕҰ, медиа және жеке меншік сектордан келген 50 жуық қатысушы қатысты. ЭкоМұражай Қарағанды облысының мемлекеттік органдары мен жеке меншік кәсіпорындары ұйымдастырған қоғамдық тыңдалымдар мониторингін жүргізу бойынша соңғы жарты жылда әзірленген нәтижелерді ұсынды.
Қатысушылар қоршаған орта мәселелері жөніндегі қоғамдық тыңдалымдарды дайындау және жүргізу барысындағы жиі кездесетін бұзушылықтарды талқылады. Соңымен қатар, жұртшылықтың қатысуын қамтамасыз етуде пайда болған проблемаларды талқылады және Орхусс конвенциясының қағидаларына сәйкес шешімдерді қабылдау үдерісіне қоғамды тиімді тарту жөніндегі ұсынымдарды әзірледі.
Осы сияқты іс-шара сондай-ақ Павлодарда да өткізілді. Бұл іс-шарада Орхусс орталығы 27 қыркүйекте соңғы алты айдың ішінде Павлодар облысында өткен қоғамдық тыңдалымдарды жүргізу және олардың мониторингі бойынша нәтижелерін ұсынды. Аталған екі іс-шара бойынша әзірленген ұсынымдар жалпыланып, 2019 жылдың соңында қабылданады деп күтіліп жүрген жаңа экологиялық кодекске қосу мүмкіндігін алу үшін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне жіберілді.
Бұл іс-шара Бағдарламалар офисінің тиісті экологиялық басқаруды ілгері жылжытудағы және қабылдаушы мемлекетке оның Орхусс конвенциясы бойынша міндеттемелерін орындауына көмек көрсетудегі көпжылдық қызметінің бір бөлігі болып табылады.