ЕҚЫҰ Қазақстандағы оныншы жыл сайынғы Орталық Азия көшбасшылығы бағдарламасын қолдайды
2019 жылғы 22 қыркүейек күні Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен оныншы жыл сайынғы 10-шы Орталық Азия Көшбасшылық Бағдарламасы (ОАКБ) аяқталды. Іс-шараға қоршаған орта саласындағы 70-ке жуық жас көшбасшы, Орталық Азия мен Ауғанстаннан келген ОАКБ түлектері, мемлекеттік органдар мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Жеті күндік іс-шараны ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі Орталық Азия Өңірлік экологиялық орталығымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Қоршаған орта жөніндегі бағдарламасымен, Еуропалық Одақпен, ЕҚЫҰ Экономикалық және экологиялық қызметін үйлестірушісінің Бюросымен, АҚШ Халықаралық даму жөніндегі агенттігімен, Дүниежүзілік Банкпен және Стокгольм халықаралық су институтымен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Бағдарлама көшбасшылықты тұрақты дамыту үшін инновациялар мен өзгерістер құралы ретінде ілгері шығаруға, сондай-ақ жас мамандардың өңірлік ынтымақтастықтағы рөлі мен пікірін күшейтуге бағытталды.
Трансшекаралық сулар саласындағы ынтымақтастық, су ресурстарын кешенді басқару, климатты және оның Орталық Азия өңіріне әсерін өзгерту бойынша проблемалар, қатты қалдықтарды кешенді басқару, ауыл шаруашылығындағы климаттық тұрақты технологиялар және су дипломатиясы сияқты тақырыптар оқу бағдарламасына енгізілді.
Осымен қатарынан он жыл бойы жүргізіліп келе жатқан іс-шара Бюроның Орталық Азия өңірінде және одан тыс жерде қоршаған ортаны қорғау саласындағы жас көшбасшылар желісін нығайту, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму саласындағы өңірлік диалогқа және ынтымақтастыққа қолдау көрсету бойынша көпжылдық еңбегінің бір бөлігі болып табылады.
Оныншы жыл қатарынан өткізіліп жатқан іс-шара Орталық Азия аймағындағы және одан тыс жерлердегі қоршаған орта жөніндегі ынтымақтастықты нығайту, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздік пен тұрақты даму саласындағы аймақтық диалогты ілгерілетуге бағытталған ЕҚЫҰ-ның көпжылдық жұмысының бөлігі болып табылады.