ЕҚЫҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік практикалар бойынша оқыту семинарын қолдауда
2018 жылы 29 қарашада Астана қаласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік практиканы енгізу бойынша Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бірлесіп ұйымдастырылған төрт-күндік оқыту семинары аяқталды. Семинарға Агенттіктің орталық және өңірлік бөлімшелерінің 50-ге жуық өкілдері қатысты.
Семинар барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қоғам мен мемлекеттің өзара әрекеттестігі, сыбайлас жемқорлық қылмыстарын біліктілікте талқылау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарынан және тәртіптік құқық бұзушылықтардан ажыратуға қатысты мәселелер талқыланды. Қатысушылар сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлер арасында алдын-алу тәжірибесі мен хабардарлықты арттыру туралы, сондай-ақ ЕҚЫҰ елдеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктердің салыстырмалы талдауымен танысты.
ЕҚЫҰ қолдауымен келген жергілікті және халықаралық тренерлер сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әкімшілік практикалардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін қарастырды және оларды тиімді іске асыру әдістерін талқылады. Тәжірибелік сабақтар кезінде тыңдаушылар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және халықаралық тәжірибені қолдану арқылы қолданыстағы әкімшілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттерін қарады.
Оқыту семинары Қазақстандағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне назар аудара отырып, тиімді басқаруды ілгерілету жөніндегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің бөлігі болып табылады.