ЕҚЫҰ Қазақстанда стратегиялық талдау курсына қолдау көрсетуде
Қаржы мониторингі жөніндегі комитеттің және Бас прокуратураның жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының 20 жуық өкілі стратегиялық талдау бойынша бес күндік курсты 23 қараша күні Астана қаласында аяқтады. Іс-шараны Қазақстанның Қаржы мониторингі жөніндегі комитеті және Астанадағы АҚШ Елшілігі Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен бірлесе отырып ұйымдастырды.
Курс Эгмонт Тобының атынан қызмет атқаратын Молдовадан және Украинадан келген халықаралық сарапшылармен өткізілді және ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен (АЖ/ЛҚ) байланысты қолда бар және қолжетімді деректердің/ақпараттың стартегиялық талдауын жүргізуде қатысушылардың дағдыларын арттыруға бағытталды. Курстың барысында қатысушылар уәкілетті мемлекеттік органдар және қаржы мониторингінің субъектілері ұсынатын деректердің талдауын жүргізуге, зерттелген деректермен жұмыс циклін жүзеге асыруға, сыни ойлаудың озық дағдыларын қолдануға, сондай-ақ АЖ/ЛҚ күресу стратегияларын әзірлеуге көмектесетін әртүрлі құралдармен және әдістермен танысты.
Эгмонт Тобы қаржылық барлау бөлімшелерінің (ҚББ) бірлестігі болып табылады, ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінің, G20 Қаржы министрлерінің және Ақшаның жылыстауымен күресудің қаржылық шараларын әзірлеу тобының қарарларына және мәлімдемелеріне сәйкес ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күресте тәжірибемен және қаржылық барлаумен алмасуға арналған платформаны қамтамасыз етеді. Халықаралық стандарттар ақпаратпен алмасу және халықаралық ынтымақтастыққа қатысу үшін бүкіл әлем бойынша ҚББ жұмысына негізді қамтамасыз етеді. Қаржылық барлаудың халықаралық форумы ретінде, Эгмонт Тобы бұл қағидаға өзінің ҚББ мүшелері арасында жәрдем береді және оны алға жылжытады.
Курс тиісті басқаруды алға жылжыту және ақшаның жылыстауымен және лаңкестікті қаржыландырумен күресу бойынша Бағдарламалар офисінің көп жылдық күш-жігерінің бөлігі болып табылады.