ЕҚЫҰ Қазақстанда ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы семинарды қолдайды
Ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі ЕҚЫҰ қолдауымен екі күндік оқыту семинар 2018 жылғы 28 тамызда Алматы қаласында аяқталды.
Аудиторлық, бухгалтерлік және төлем ұйымдарының, сондай-ақ ойын бизнесінің 80-ге жуық өкілдері ақшаны жылыстату және терроризмді қаржыландырудың типологиялары, күдікті операцияларды анықтаудың және тәуекелдерді азайту әдістемелерімен танысты. Семинарды ЕҚЫҰ-ның қаржылық қолдауымен қатысқан Қаржы мониторингі комитетінің өкілдері және Австрия мен Ұлыбританияның сарапшылары өткізді.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасының Қаржы мониторингі комитетімен бірлесіп ұйымдастырды.
Бұл семинар Бағдарламалар офисінiң тиісті басқаруды ілгерілету мақсатымен атқарылып келе жатқан көп жылдық жұмысының нәтижесі болып, ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес жөніндегі ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.