ЕҚЫҰ Қазақстанда адам құқықтарын қорғау бойынша семинарлардың топтамасын қайта бастайды
2018 жылдың 27 сәуірінде Оңтүстік Қазақстанның Қазақстан ауылында жергілікті әкімдіктердің, құқық қорғау органдарының және азаматтық қоғамының өкілдері үшін адам құқықтарын қорғау тетіктері бойынша оқыту семинарлар топтамасының төртінен біріншісі өтті.
Төрт күндік іс-шара барысында Ленгер, Шымкент, Түркістан қалаларынан және Оңтүстік Қазақстанның Қазақстан ауылынан 290 астам қатысушылар қызметкерлер үшін маңызды мәні бар еңбек заңнамасының жаңа ережелерімен, гендердік теңдіктің және тұрмыстық зорлық-зомбылықты болдырмау мәселелерімен танысты. Қазақстанның адам құқықтары саласындағы міндеттеріне және құқықтарды және еркіндіктерді жылжытуда ұлттық және халықаралық институттардың рөліне ерекше назар аударылды. ЕҚЫҰ сарапшылары сұрақтарға жауаптарды қамтитын интерактивті сессияларды өткізді.
Семинар ҚР Президентінің жанындағы адам құқықтар бойынша Комиссиясымен және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламаларының офисімен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылды.
Іс-шара 2015 жылдан бастап 2017 жылға дейін Қазақстанның облыстарында адам құқықтары бойынша Бағдарламалар офисінің Адам құқықтары бойынша комиссиясымен ұқсас топтамалардың жалғасы болып табылады. Ол Қазақстанда негізгі құқықтарды және еркіндіктерді жылжытуда адам құқытары бойынша ұлттық институттарға қолдау көрсету бойынша Офистің ұзак мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.