ЕҚЫҰ Қазақстанның көліктегі полиция қызметкерлеріне көлік нысандарында тәуекелдерді профильдеу техникаларын үйретуде
2018 жылдың 20-шы сәуірінде Алматыда қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған көлік нысандарында тәуекелдерді профильдеу бойынша бес күндік оқыту семинары аяқталды.
Семинар Қазақстанның барлық аймақтарынан келген көліктегі полицияның 25 қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарының оқытушыларының әлеуетін күшейтуге бағытталды.
Оқыту семинарды ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасындағы АҚШ Елшілігінің Халықаралық есірткімен күрес және заңдылықты сақтау бөлімі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі және Есірткі заттарының, психотроптық заттардың және олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығы (ОАӨАҮО) бірлесіп ұйымдастырды.
Қазақстанның психологтар қауымдастығы мен ОАӨАҮО сарапшылары және полиция мәселелері бойынша ұлттық сарапшы қатысушыларды азаматтарға қатысты тәуекелдерді профильдеудің негіздері мен тарихымен, жолаушылардың жүріс-тұрыс модельдерін талдау әдістерімен, жолаушылармен сұхбат жүргізу техникаларымен, жолаушылардың қатысуымен орын алатын ықтимал қақтығыстарды шешумен және әр түрлі көлік нысандарында жасырын контрабандаларды анықтаудың ең озық әдістерімен таныстырды.
Сарапшылар қатысушыларға жаңа дағдыларды қолдануға мүмкіндік беретін практикалық жаттығулар ұйымдастырды.
Іс-шара қабылдаушы елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қауіпсіздікті нығайту, есеп берушілікті арттыру және ең жақсы тәжірибелерді ілгерілету бойынша ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.