Қазақстанда адам құқығын алға бастырғаны үшін Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар Офисінің басшысы елші Дьердь Сабоға алғыс білдірілді
2017 жылдың 7 желтоқсанында Сыртқы істер министрлігінде болған дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссиясымен Қазақстанда адам құқығын алға бастырғаны үшін Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы елші Дьердь Сабоға алғыс білдірілді.
Халықаралық адам құқығының күніне арналған шараға жоғары қызметтегі мемлекеттік қызметшілерді, парламент мүшелерін, сондай-ақ, сот және құқық қорғау органдарының өкілдерін, ғылыми қоғамдастықты, азаматтық қоғамдастықты, дипломатиялық миссия мен Қазақстандағы халықаралық ұйымдарды қоса алғанда, шамамен 200 қатысушы қатысты.
Пікірталас барысында қатысушылар адам құқығын қорғау саласындағы мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғамдастық институттардың рөлі, адам құқығы саласындағы Қазақстанның халықаралық міндеттемелері, ақпарат алуға құқықты қамтамасыз етудің халықаралық және ұлттық стандарттары, сондай-ақ, сот қорғауына берілетін құқық және адвокатура рөлі сияқты тақырыптар жөнінде сөз қозғады.
Алғыс сертификаты Қазақстанның әр түрлі өңірлерінде оқу семинарларының топтамаларын ұйымдастыруда Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің күшін және қолдауын белгілеп, ҚР Конститутциясына және халықаралық міндеттемелеріне сәйкес адам құқығын қамтамасыз етуде, қорғауда және қозғауда қабылдаушы елдің көмегімен Офис рөлін мойындайды.