ЕҚЫҰ Қазақстанда тәуекелдерді басқару жөніндегі семинарды қолдауда
Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен өткен кеден органдарында тәуекелдерді басқару жүйесін әкімшіліктендірудің озат тәжірибесі жөніндегі екі күндік оқыту семинары 2017 жылы 30 қарашада аяқталды.
Семинарды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің Оқу-әдістемелік орталығымен әріптестікте елдің барлық өңірлерінің орталық және жергілікті кеден органдарының шамамен 45 өкілі үшін ұйымдастырды.
Оқыту семинар тәуекелдерді бір қалыпқа келтіру операциялық аспектілеріне, автоматтандырылған ақпараттық технологияларды қолдануға және импорт пен экспорт рәсімдерін үйлестіруге арналды. Сонымен қатар, қатысушылар Автоматтандырылған кеден деректерін өңдейтін жүйенің (ASYCUDA) бағдарламалық жасақтамасын қолдану арқылы тәуекелдерді басқару жөніндегі ең жақсы практикаларды қарастырды және жекелеген елдердің ерекшеліктерін ескере отырып, оны кедендік әкімшіліктендіру үдерістеріне бейімдей отырып жетілдіру жолдарын талқылады.
Автоматтандырылған кеден деректерін өңдейтін жүйені (ASYCUDA) Біріккен Ұлттар Ұйымының Сауда және даму жөніндегі конференциясы әзірледі, ол сыртқы сауда рәсімдерінің үлкен бөлігін қамтиды. 2015 жылы Қазақстанның Мемлекеттік кіріс комитеті ASYCUDA жүйесін енгізуді шешті және елдің өзгешілігін ескере отырып, АСТАНА-1 бағдарламалық жабдықтамасы әзірленді. Жүйенің сынағы 2017 жылы наурызда басталды.
Аталмыш семинар тиімді басқаруды ілгерілету және аймақтағы сауданы дамытуда қабылдаушы елге қолдау көрсету бойынша Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.