ЕҚЫҰ Қазақстандағы әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері бойынша дөңгелек үстелді қолдайды
2017 жылдың 28 қарашасында Астана қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін және саясатқа қатысуын алға тарту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті.
Шамамен 60 қатысушы қатысқан шараны Қазақстанның кәсіпкерлер әйелдер одағымен бірлесе отырып, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ұйымдастырды. Қатысушылар арасында кәсіпкер әйелдер, Парламент өкілдері, Ақмола және Қарағанды облыстарының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері, сондай-ақ түрлі үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты. Олар әйелдердің саяси өмірге араласуы және әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту саласындағы негізгі проблемаларды ортаға салып, талқылады. Дөңгелек үстел аяқталғаннан кейін «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» ағымдағы ұлттық бастамасы назарға алына отырып, әйелдердің бәсекеге қабілеттіліктерін арттыруға бағытталған оқу семинары өткізілді.
Үшінші жаңғыру бағдарламасы – Президенттің бастамасы. Аталмыш бағдарлама Қазақстанның әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін және 2050 жылға қарай экономикасы дамыған 30 елдің қатарына кіру үшін экономикалық өсімнің жаңа моделін қалыптастыруға бағытталған.
Аталған іс-шара Офистің гендерлік тепе-теңдікті және қабылдаушы елдегі экономикалық мүмкіндіктерді ілгерілетуге бағытталған көпжылдық жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.