ЕҚЫҰ Қазақстандағы су ресурстарын басқару саласындағы білімді жетілдіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдің өткізілуіне қолдау көрсетуде
Қазақстанның су шаруашылығы мекемелері мен жоғары оқу орындарының 40 жуық өкілі су ресурстарын басқару бойынша арнаулы оқу жоспарын енгізу мәселесін 2017 жылдың 26 қазанында ЕҚЫҰ қолдауымен Тараз қаласында өткен дөңгелек үстел барысында талқылады.
Қатысушылар тәжірибе мен пікір алмасып, су шаруашылығы жөніндегі түрлі оқу пәндерінде қолданылып отырған білім беру стандарттары мен әдістері жайлы айтты. Олар осы саладағы жоғары білімнің сапасын арттыру бойынша нақты ұсынымдар әзірледі.
Оқыту барысында инновациялық технологиялардың пайдаланылуына, сондай-ақ мелиорация, су ресурстарын ұтымды пайдалану, гидротехникалық құрылыс және гидротехникалық құрылғылардың қауіпсіздігі секілді мәселелерді оқу жоспарына енгізу қажеттілігіне ерекше назар аударылды.
Шара ЕҚЫҰ Астанадағы Бағдарламалар офисінің Халықаралық Аралды құтқару қорымен (IFAS) серіктестікте ұйымдастырылды. Бұл шара – Офистің су ресурстарының кешенді басқарылуын алға тарту және қабылдаушы елге су ресурстарын басқарылу жүйесін реформалау бойынша саяси міндеттемелерді орындауға қолдау көрсету жолындағы ұзақ мерзімді жұмыстарының бір бөлшегі.