ЕҚЫҰ Қазақстанда «жасыл» құрылыс стандарттары жөнінде семинарды бірлесіп ұйымдастыруда
2017 жылдың 21 қыркүйегінде Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен экологиялық таза және орнықты қалалар салу үшін «жасыл» құрылыс пен технологиялар стандарттары саласындағы ЕҚЫҰ өңірінің озат тəжірибелер жөніндегі семинары өз жұмысын бастады.
Энергетика министрлігінің және оның өңірлік департаменттерінен, жеке сектор мен үкіметтік емес ұйымдардың шамамен 50 өкілдері семинарға қатысты. Іс-шара «жасыл» ғимараттар мен құрылыс секторындағы заңнаманы және инфрақұрылымды үйлестіру жөніндегі тәжірибемен және ең жақсы практикалармен алмасуды жылжытуға бағытталды.
«Бүгінгі іс-шара – бұл Қазақстанда «жасыл» құрылыс саласында жаңғыртылған қуат көздерін қолдану жөніндегі халықаралық тәжірибемен танысу және сындарлы шешімдер шығару мүмкіндігі. Бүгінгі іс-шара құрылыс саласын дамыту және қолайлы қоршаған ортаны қолдау үшін «болашақ энергиясы» көздерін қолдану озат әдістерін іздеуге көмектеседі деп сенеміз», - деді Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібеков.
«Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу, соның ішінде «Болашақ энергиясы» тақырыбына ЭКСПО-2017 өткізу және Астанада «жасыл» технологиялармен алмасу халықаралық орталығын құру жөніндегі бастамаларды өзіне алды»,- деп Елші, Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Дьердь Сабо сөйлеген сөзінде атап өтті. «Бұл басымдықтарға сәйкес Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «жасыл» құрылыс саласындағы ең жақсы практикалар бойынша өз сараптамасы арқылы осы реформаларды өткізуді үлкен қызығушылықпен қолдайды».
Іс-шараны Астанағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Энергетика министрлігі, ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет координаторы кеңсесімен және Қазақстанда БҰҰ Даму бағдарламасымен тығыз серіктестікте ұйымдастырды.
Семинар экологиялық қауіпсіздікті күшейту жөніндегі бағыт шеңберінде «жасыл» экономика мен тұрақты даму қағидаттарын жылжыту бойынша Офистің көп жылғы күш салуының бөлігі болып табылады