ЕҚЫҰ Қазақстанда органикалық ауыл шаруашылығы жөніндегі дөңгелек үстелдер топтамасын аяқтайды
Органикалық ауыл шаруашылығына бағытталған жасыл технологияларды жылжыту жөніндегі ЕҚЫҰ қолдайтын үш өңірлік дөңгелек үстелден тұратын топтамадағы қорытынды семинар 2017 жылғы 8 тамызда Талдықорғанда аяқталды.
Аталған іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясымен бірлесіп Алматы облысы ауыл шаруашылығы басқармалары, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сондай-ақ фермерлер мен агробизнестің 70-ге жуық өкілдері үшін ұйымдастырды.
Қатысушылар органикалық өнімді сертификаттау жөніндегі ұлттық және халықаралық озық практикамен танысты, сондай-ақ тиімді органикалық егіншілікті және тұтас агробизнесті ынтыландыруда мемлекеттің рөлін талқылады. Сонымен қатар, қатысушылар органикалық өнімдер өндірісімен, ауыл шаруашылықты қаржыландыру мемлекеттік бағдарламаларымен және өндіріс барысында жаңғырмалы энергия көздерін қолдануға байланысты проблемаларды қарастырды.
Бұл дөңгелек үстел органикалық ауыл шаруашылыққа көмектесуге және фермелердің соңғы тиісті технологиялар туралы хабардарлығын арттыруға бағытталды. Іс-шара Қазақстанда тұрақты даму қағидаттарын жылжытуға бағытталған Бағдарламалар офисінің көп жылғы жұмысының бөлігі болып табылады.