ЕҚЫҰ Қазақстандағы судьяларды қоршаған орта мәселелері бойынша оқытуды аяқтауда
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Астанада 2017 жылғы 22 маусымда өткен азаматтық және экономикалық істері бойынша экологиялық заңнаманы сот тәртібінде қолдану мәселелері бойынша екі оқыту семинарының екіншісін қолдады.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Жоғарғы Сотпен және оның жанындағы Сот төрелігі академиясымен бірлесіп ұйымдастырған семинар барысында ұлттық сарапшы елдің барлық түпкірінен келген 30 облыстық судья үшін «Ақпаратқа қол жеткізу, шешімдер қабылдауға жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы» Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының конвенциясын (Орхус конвенциясы) орындау барысында пайда болатын дауларды шешу жолдары туралы тренинг өткізді.
Қатысушылар Орхус конвенциясы аясындағы Қазақстанның міндеттемелері туралы және оның ережелерін сақтау үшін қолдау көрсету механизмдерімен танысты. Сонымен бірге олар топтық жаттығуларға қатысты, мысалы, экологиялық заңнаманы бұзудың мүмкін жағдайларын талқылады және соттағы бұрын болған дауларды қарастырды.
Іс-шара Офистің қабылдаушы елге оның Орхус конвенциясын іске асыру үшін ұлттық институционалдық және құқықтық аясын жетілдіруге қатысты өз міндеттемелерін орындауына ықпалдастық көрсету жөніндегі көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.