ЕҚЫҰ Қазақстанда жас экологиялық көшбасшылар үшін өңірлік жазғы мектепті қолдауда
Бес Орталық Азия елдерінен, және де Ауғанстан мен Пәкістаннан келген 35-ке жуық студент 2017 жылғы 5-17 маусым аралығында Алматы қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен өткізіліп жатқан Орталық Азиядағы су және жер ресурстарын бағалау және мониторинг жүргізудегі әдістер мен құралдар бойынша жыл сайынғы жазғы мектепке қатысуда.
Екі апталық жазғы мектепті Офис Казақ-Неміс Университетімен және Орталық Азиялық Өңірлік зерттеу желісімен тығыз ынтымақтастықта төртінші жыл қатарынан ұйымдастырды.
Курс Алматы қаласында өтетін теориялық дәрістер мен тәжірибелік сабақтарды, сондай-ақ Астана қаласына ЭКСПО-2017 көрмесіне сапар жасауын қарастырады, онда қатысушылар су ресурстарын басқару саласындағы соңғы жасыл технологиялар мен ұстанымдармен танысатын болады.
Алматыда ашылу сессиясында ЕҚЫҰ өкілі кіріспе лекция мен су ресурстарының қауіпсіздігі семинары, және де осы мәселедегі ЕҚЫҰ рөлін баяндады.
Іс-шара су ресуртарын басқару бойынша ұлттық заңнамаларды ілгерілету мәселелерін қамтитын Жасыл экономикаға көшу туралы Қазақстан стратегиясына сәйкес келеді. Бұл жасыл экономика нарығындағы құзыретті және дағдыланған адами әлеуетті арттыруға бағдарланған.