ЕҚЫҰ Қазақстанда кәсіпкер-әйелдер үшін жасыл технологиялар бойынша оқыту семинарларды аяқтауда
2017 жылы 18 мамырда Қостанайда ЕҚЫҰ қолдауымен кәсіпкер-әйелдер үшін ұйымдастырылған жасыл технологияларды қолдану бойынша үш оқыту семинарлары топтамасындағы соңғысы өтті.
Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі «Жасыл» экономика және «G-Global» дамыту коалициясы заңды тұлғалар бірлестігімен тығыз ынтымақтастықта ұйымдастырылған семинарда Қостанай облысының ауылды жерлерінен келген шамамен 25 әйелдер қатысты.
Аталған іс-шара «жасыл» технологияларды қолдану арқылы өзінің бизнесін ашу және жүргізу жөнінде кәсіпкер-әйелдердің хабардарлығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, Астана жанындағы Арнасай ауылындағы жасыл технологиялар Орталығында бақшашылық саласындағы қазіргі заманғы жасыл технологияларды қолдану бойынша өткен жылы өткізілген семинарлардың жалғасы болып табылады.
Іс-шара жасыл өсу және экологиялық қауіпсіздік, сондай-ақ экономикалық қызметте әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаларын насихаттауға бағытталған ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің көпжылдық жұмысының бір бөлігі болып табылады.