Қазақстанның Парламент депутаттары ЕҚЫҰ қолдауымен Санкт-Петербургте гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша халықаралық семинарға қатысуда
2017 жылғы 26-27 сәуір аралығында Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Ресей Федерациясының Санкт-Петербург қаласында гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі бойынша халықаралық семинарға Қазақстан Парламенті екі мүшесінің қатысуына қолдау көрсетті.
Іс-шара Ресей Федерациясы мен Орталық Азия мемлекеттерінен келген 30-ға жуық заң шығарушылар мен саяси сарапшыларды су құрылыстарын әлеуметтік бақылаудың заңдық аспектілерімен таныстыруға бағытталды.
Қатысушылар гидротехникалық құрылыстардың қолданылуында орын алатын проблемалар мен төтенше қауіптерді талқылады. Сонымен бірге олар Кронштадт қаласында бөгетке барып, онда су құрылыстарын басқарумен танысты.
Семинар Халықаралық Аралды құтқару қорының Қазақстандағы дирекциясымен, Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясымен (БҰҰ ЕЭК) және Экологиялық, технологиялық және атомдық бақылау бойынша федералдық қызметімен ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара табиғи және антропогендік төтенше жағдайлар қауіптерін азайту және трансшекаралық су ресурстары бойынша ынтымақтастықты ілгерілету бойынша Офис жұмысының бір бөлігі болып табылады.