Халықаралық бақылаушылардың айтуынша, Қазақстандағы сайлау тиімді түрде ұйымдастырылды, біраз ілгері жылжу байқалды, бірақ өзінің ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындауда, Қазақстан әлі де біраз жұмыс жасау керек
АСТАНА, 21 наурыз 2016ж. - 20 наурыздағы кезектен тыс парламенттік сайлау тиімді түрде ұйымдастырылды, біраз ілгері жылжу байқалды, бірақ демократиялық сайлау бойынша өзінің ЕҚЫҰ міндеттемелерін орындауда, Қазақстан әлі де біраз жұмыс жасау керек, деп қорытындылады халықаралық бақылаушылар өздерінің бүгін жарияланған алдын ал қорытындылар бойынша мәлімдемесінде. Жағымды үрдіс көрінісі, кандидаттар тіркеуі инклюзивті болды және алты партия сайлауға түсті, бірақ шынайы саяси таңдау әлі де жетіспейді.
Басқару органдары халықаралық бақылаушыларды ашық және шектеусіз түрде шақырды. Сайлау күні, дауыс беру, бақылаушылар дауыстарды санау және мәліметтерді кестеге жинақтау барысында үлкен рәсімдік қателіктерді және сәйкессіздіктерді байқады.
«Сайлауға қатысты міндеттемелерін орындауда, Қазақстан әлі де біраз жұмыс жасау керек, дегенмен біраз ілгері жылжу байқалады. Бұл сайлауда басқарушы партия басқаларға қарағанда, айқын артықшылыққа ие болды, партиялар сайлауалды үгітті еркін өткізе алды, алайда шынайы саяси таңдау әлі де жеткіліксіз», деді Мариетта Тидей, қысқа мерзімді ЕҚЫҰ бақылау миссиясының арнайы Үйлестірушісі және басшысы. «Азаматтық құқықтарды қорғау үшін, едәуір құқықтық реформа қажет, және біз жаңа сайланған парламент егжей-тегжей реформа үдерісіне кірісу үшін қажет саяси ерікті табады деген үміттеміз, біз бұл үдерісті толығымен қолдауға дайынбыз.».
Көпшілік жиындарды өткізуге қатысты құқықтық шектеу ережелеріне қарамастан, жалпы алғанда, сайлау қатысушылары сайлауалды үгітті бүкіл ел аумағында еркін өткізе алды. Алты партияның қатысуы сайлаушылар үшін біраз баламаларды қамтамасыз етті, сайлау қатысушыларының көпшілігі басқарушы партияны тікелей сынаған жоқ, сол арқылы сайлаушылардың шынайы саяси таңдау жасау мүмкіндігін шектеді, деп айтылады мәлімдемеде. Басқарушы партияның үкіметтің және әкімшіліктің барлық деңгейлеріндегі көп жылдар бойғы басым позициясы мемлекет пен партияның арасындағы айырмашылықты қазіргі кезде мүлдем көмескі етті.
«Сайлау күні, Қазақстан азаматтары байсалды және еркін атмосферада өз таңдауларын жасады. Сайлау науқаны және заңнамасына қатысты, ЕКПА делегациясы өкімет органдарының 2017ж. сайлау құқықтық базасын реформалауға кірісетінін құптайды,» деді Жорди Шукла, ЕКПА делегациясының басшысы. «Бұл сайлау науқаны Қазақстанға, ұзақ мерзімді демократиялық тұрақтылық үшін басты шарт болатын неғұрлым ашық және бәсекелестік саяси орта қажет екенін көрсетті. Құқықтық реформа, Қазақстан толық мүшесі болып табылатын, Еуропа Кеңесінің Венеция Комиссиясымен тығыз байланыста жүргізілуі керек.»
Бақылаушылардың айтуынша, сайлауды реттейтін заңдар негізгі азаматтық және саяси құқықтарды қамтамасыз етуге бағытталған, дегенмен, Қазақстан мойнына алған халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға толық сәйкестігін қамтамасыз ету үшін, құқықтың негіздің реформасы қажет. Алдыңғы ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұсыныстарына қарамастан, тең сайлау құқықтары мен жиын өткізу және ойды еркін білдіру бостандықтарына қатысты шектеулер мәселелерін әлі қарастыру керек.
«Өкімет органдары демократиялық сайлауды өткізу бойынша өздерінің алған міндеттемелерін орындау үшін, жан-жақты құқықтық реформа қажет, оның ішінде, дауыс беру құқықтарына, жиын өткізу және ойды еркін білдіру бостандықтарына қатысты шектеулерге қатысты реформалар,» деді Гир Йорген Беккевольд, ЕҚЫҰ ПА делегациясының басшысы. «Бұл салалардағы нақты жетістіктер көбірек саяси плюрализмді қамтамасыз етуде әлдеқайда ілгері жылжу болады, және мен, бұл үдерісті қолдау үшін, жаңадан сайланған парламенттегі әріптестеріммен бірлесе жұмыс істеуге әзірмін.»
Конституция ойды еркін білдіру бостандығына кепілдік беріп, цензураға тыйым салса да, заңда бар көптеген жазалар қоғамдық талқылауға жол бермейді және балама пікірлерді басады, деп мәлімдемеде айтылған. Мемлекет қаржыландыратын медиа арналар барлық сайлау қатысушыларына тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге қатысты ресми талаптарды орындауға едәуір күш жұмсағаны - жағымды үрдіс көрінісі. Дегенмен, бір партия науқанының тұғырнамасы жөнінде медиа арналарда өте аз ақпарат берілді және сайлаушыларға кандидаттар және олардың саясаттары жөнінде білуге мүмкіндік беретін терең талдау, көбінесе, орын алмады. Көптеген медиа арналарда, Президенттің қызметі жөніндегі хабарлар басым түсті және басқарушы партия оның қызметін өз пайдасына қолданды.
«Осы сайлауды бақылау және оған баға беру үлкен олқылықтарды анықтады, оның ішінде, негізгі азаматтық және саяси құқықтарды шектеу, сайлаушылар үшін шынайы саяси таңдаудың жетіспеушілігі, ақпарат құралдарында пікірлер плюрализмінің жетіспеушілігі және сайлау күнгі үлкен рәсімдік сәйкессіздіктер,» деді Елші Борис Фрлец, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ ұзақ мерзімді сайлауды бақылау Миссиясының басшысы. «Менің білуімше, ДИАҚБ, 2017 жылы күтіліп отырған сайлауға қатысты реформалар барысында біздің ұсыныстарды жүзеге асыруда өкімет органдарына көмек көрсетуге әзір.»
ОСК кәсіби тұрғыдан жақсы жұмыс істеді, отырыстары бақылаушылар, БАҚ пен саяси партиялар өкілдеріне ашық болды. Алайда, төменгі сайлау комиссиялары мүдделі тараптарға хабарламай, отырыстарды қажет болған жағдайда өткізіп отырды, бұл үдеріс транспаренттігін шектеді. Сайлау туралы Заңда саяси партиялардың сайлау комиссияларында ұсынылуын қамтамасыз ету көзделген, бірақ оны жүзеге асыру тетігі берілмеген. Сайлау қатысушыларының біреуі төменгі сайлау комиссияларында ең аз мөлшерде ұсынылған, делінген мәлімдемеде.
Кандидаттар тіркеуі инклюзивті болды және заңмен белгіленген мерзім, 19 ақпанға дейін, ОСК алты саяси партия ұсынған 234 кандидатты тіркеді. Заң бойынша, тәуелсіз кандидаттар сайлауға түсе алмайды, ал саяси партиялар сайлау блоктарын құра алмайды, бұл ЕҚЫҰ міндеттемелеріне және басқа халықаралық міндеттемелер мен стандарттарға қайшы келеді, дейді бақылаушылар.
Сайлауалды үгіт барысында, айына екі рет әр партия алған және жұмсаған қаражат бойынша есеп беру жөніндегі ОСК-ға жаңа талап ілгері жылжу көрінісі болып табылады. Алайда, салымшылар және науқанға бөлінген қаражат қалай жұмсалғаны жөніндегі ақпараттың болмауы транспаренттікті шектейді.
Сайлаушылар және партиялар сайлау үдерісіне қатысты шағымдарды соттарға, жоғарғы комиссияларға және прокуратураға түсіруге заң бойынша құқылы. Сайлау нәтижесіне, сайлауға қатысушылар емес, тек нақты жоғары лауазымды тұлғалар ғана шағымдана алады, ал бұл халықаралық стандарттарға сәйкес емес, делінген мәлімдемеде. Соттар және прокуратура түскен бірнеше шағымды бірден жедел қарастырды.
Сайлау күні тиімді түрде ұйымдастырылды, бірақ дауыс беру, дауыстарды санау және мәліметтерді кестеге жинақтау барысында үлкен рәсімдік қателіктер және сәйкессіздіктер орын алды. Бақылаушылар сайлау күні дауыс беру жәшігіне жалған бюллетендерді салу, сайлаушылар тізімдеріне өте көп адамдардың аттарын қосу, топпен және сенімді тұлға арқылы дауыс беру жағдайларын байқады. УСК-лар дауыс санағының бірізділігі мен сенімділігін қамтамасыз ететін рәсімдерді, көбінесе, орындай алған жоқ. Мәліметтерді кестеге жинақтаудың теріс бағалануы көбінесе рәсімдік ережелерді бұзумен байланысты болды.
Ақпарат алу үшін, келесілерге хабарласыңыз:
Андреас Бейкер, ЕҚЫҰ ПА, +7 701 052 6929 немесе +45 601 08 126, andreas@oscepa.dk
Томас Раймер, ЕҚЫҰ/ДИАҚБ, +7 701 052 2308 немесе +48 609 522 266, thomas.rymer@odihr.pl
Чемавон Чахбазян, ЕКПА, +7 701 052 6934), chemavon.chahbazian@coe.int