ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі баяндаманың жарық көруіне қолдау көрсетеді
2012 жылдың 19 қыркүйек, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы, Елші Наталия Зарудная, ЕҚЫҰ Орталығының қолдауымен жарық көрген және аударылған 2011 жылға арналған Қазақстандағы адам құқықтары ахуалы туралы жыл сайынғы баяндаманың тұсаукесерде сөз сөйледі.
ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссия дайындаған, 2011 жылға арналған адам құқықтары ахуалы туралы жыл сайынғы баяндама адам құқықтары тұрғысындағы басты мәселелерді атап өтіп, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғамға ұсынымдарын береді.
Наталия Зарудная өз сөзінде есепті дайындау ісіне үкіметтік емес ұйымдардың тартылғанын құптап, азаматтар өз құқықтарын мен міндеттерін білу үшін адам құқықтарына қатысты ақпараттың кеңінен таралуы маңызды екендігін атап өтті.
Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов ашқан тұсаукесерге адам құқықтарын қорғау жөніндегі негізгі ұлттық органдардың өкілдері, сондай-ақ азаматтық қоғам мен дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.
Бұған қоса, осы жылы ЕҚЫҰ Орталығы ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссиямен ынтымақтаса отырып, есепті ел аймақтарына таныстыру үшін қоғамдық іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.