ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы тұрақты дамуға бағытталған эко-инновацияларды қолдайды
2012 жылғы 30 наурызда Алматы қаласында қоршаған орта, инновациялар және тұрақты даму мәселелері жөніндегі бір күндік халықаралық конференция өтті.
Конференцияда сөз сөйлеген ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы басшысының орынбасары Жаннет Клетцер «тұтыну мен өндіріс арасындағы тұрақты тепе-теңдікке жағдай жасау, осылайша тұрақты дамуға қол жеткізуге» мүмкіндік беретін экологиялық инновациялар маңыздылығын атап өтті.
Қазақстан-неміс университеті мен Қазақстандық стратегиялық зерттеу институтымен ұйымдастырылған шараның мақсаты «Рио +20» тұрақты даму бойынша БҰҰ Конференциясына орай «жасыл экономикаға» көшуге қатысты Қазақстан стратегиясына ғылыми үлес қосу болып табылады.
Конференцияға мемлекеттік органдардың, азаматтық қоғамның, ғылыми орта, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың 60 астам өкілдері қатысты.
ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасының «жасыл экономикасы», Каспий теңізін қорғау, Орхус орталықтарын құру, Орталық Азиядағы климат өзгерісі, сондай-ақ «Жасыл көпір» бастамасын әзірлеу мәселелері бойынша Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің әріптесі болып табылады. «Жасыл көпір» Әріптестігінің бағдарламасы биылғы жазда Бразилиядағы «Рио+20» тұрақты даму бойынша БҰҰ халықаралық конференциясы аясында ұсынылады.