ЕҚЫҰ Қазақстанда жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдеріне арналған энерготиімділік мәселелері жөніндегі семинарды қолдауда
2016 жылы 4 қарашада Орал қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен 70-ке жуық жалпы білім беру мектептеріне арналған энерготиімділік және энергияны сақтау мәселелері жөнінде оқыту семинары өтті.
Іс-шара Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары жалпы білім беру мектептерінің қазақ тілінде сабақ беретін мұғалімдерін оқытуға бағдарланған Қазақстанның батыс бөлігінде өткізілген үш семинар сериясының соңғысы болып табылды.
Іс-шараларды Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйымымен, Норвегияның табиғатты қорғау қоғамымен, экологиялық білім беруге мамандандырылған «Экообраз» қоғамдық бірлестігімен серіктестікте ұйымдастырды.
Жалпы алғанда, география, биология, информатика және бастауыш сыныптардың 190-ға жуық мұғалімдері экологиялық мәселелерді және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану арқылы олардың шешу жолдарын қарастырды. Бағдарлама жасыл технологиялардың мектептер мен үйлерде қолдану маңыздылығын, сондай-ақ оқушыларды экологиялық мәселелерге үйрету әдістерін атап өтті.
Семинарлар қабылдаушы елде жаңартылатын энергия көздерін қолдану саясатын және жасыл өсу тұжырымдамаларын ілгерілету бойынша Офистің көпжылдық жұмысының бөлігі, сондай-ақ орыс тілінде сабақ беретін мұғалімдерге арналған өткен жылы өткізілген семинарлардың жалғасы болып табылады.