ЕҚЫҰ Қазақстан кеден қызметкерлерінің Швейцарияға танысу сапарына қолдау көрсетуде
2016 жылдың 28 қазанында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің төрт кеден қызметкері және Қазақстан Сыртқы сауда палатасының өкілі Базель және Цюрих қалаларына төрткүндік танысу сапарын аяқтады.
Делегация Уақытша әкелу туралы конвенциясы (Стамбул Конвенциясы) мен Карнет АТА жүйесін іске асыруға, сонымен бірге тауарлардың импорты-экспорты бойынша халықаралық құқықтық құжаттарға сәйкес уақытша тауарларды әкелу үшін кеден рәсімдері бойынша ең үздік тәжірибелермен танысты. Сонымен бірге, қазақстандық өкілдер Базель мен Цюрихтегі кеден бекеттеріне барды, онда олар уақытша әкелу үшін кедендік ресімдеумен танысты, және де жергілікті қызметкерлермен сарапшылық кездесулерге қатысты.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Швейцария Федералдық кеден әкімшілігің қолдауымен ұйымдастырды. Ол тиісті басқаруды ілгерілету және аймақтағы сауданы дамытуға қолдау көрсету бойынша Офистің ұзақ мерзімді жұмысының бөлігі болып табылады.