ЕҚЫҰ Қазақстанда дата-журналистика бойынша оқыту семинарды қолдауда
2016 ж. 22 тамызында Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен бүкіл Қазақстаннан қатысушы 15 жуық журналистерге арналған дата-журналистика бойынша оқыту семинары басталды.
Екі күндік іс-шара ашық мәлімет көздерімен жұмыс жасау, мәліметтерді визуализациялау қағидалары, дата-журналистика мен мәліметтерді өңдеу әдістері бойынша журналистерге терең түсінік қамтамасыз ету мақсатымен Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисімен ҚР Ақпарат және байланыс министрлігі, АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» және «Интерньюс Казахстан» агенттігімен ынтымақтастықта ұйымдастырылды.
Журналистер Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей Федерациясынан келген сарапшылармен бірге Ашық үкімет және Ашық мәлімет секілді электронды үкімет порталдарын қолдануды қоса алғанда жаңалықтар мәтінін дайындау барысында мәліметтердің ауқымды көлемін сараптау мен іріктеу жолдарымен танысады. Оқыту семинары мәліметтерді визуализациялау бойынша тәжірибелік жаттығумен бірге ұштастырылады.
«Үкімет қызметі бойынша қоғамдық пікірге қосатын үлестері барысында, әсіресе ЕҚЫҰ қолдауындағы «Ақпаратқа қолжетімділік туралы» заң шеңберінде ашық мәліметтердің тиімді, әрі жауапты қолданылуы журналистердің өзекті қабілеті болып табылады», - деді Сара Бонотти, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Адам құқықтары бойынша кеңесшісі. «Аталған оқыту семинары қатысушыларды статистикалық ақпарат пен мәліметтерді топтастыру мен сараптау, сондай-ақ оларды көрнекті түрде ұсыну бойынша қажетті ноу-хау мен құралдармен қтамтамасыз етеді».
Оқыту семинары ЕҚЫҰ қағидалары мен міндеттемелеріне сәйкес БАҚ бостандығы мен пікір білдіру бостандығын ілгерілетуге бағытталған Офис қызметінің құрамдас бөлігі болып табылады.