ЕҚЫҰ Қазақстанда орта мектептің мұғалімдері үшін энергия тиімділігі мәселелері жөніндегі семинарлардың екінші сериясын аяқтайды
2015 жылы 8 желтоқсанда Қостанайда ЕҚЫҰ қолдауымен өткен орта мектеп мұғалімдеріне арналған энергия тиімділігі мәселелері жөніндегі үш оқу семинарынан тұратын екінші кезең аяқталды.
Астана, Алматы, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары орта мектептерінің 600-ден астам мүғалімі күнделікті тұрмыста пайдалануға болатын энергия сақтаушы практикаларымен танысты. Өткізілген семинарлар жасыл технологияларды мектептер мен үйлерде қолданудың, сонымен қатар оқушыларды экологиялық мәселелерге оқытудың тиімді әдістерінің маңыздылығын атап көрсетті. Іс-шараларды Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйыммен, Норвегияның Табиғатты қорғау қоғамымен, «Экообраз» қоғамдық бірлестігімен және «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарлар Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисінің климаттың өзгеруі, жасыл өсу қағидаттары мен тұрақты даму туралы хабардарлықты арттыруға бағытталған қызметінің бөлігі болып табылады. Олар жастарды тарту бойынша ЕҚЫҰ-да 2014 жылы Швейцарияның және 2015 жылы Сербияның төрағалық ету басымдықтарына сәйкес келеді.