ЕҚЫҰ Қазақстан делегациясының Еуропалық Одағының төтенше жағдайларға жедел жауап қайтару орталығына танысу сапарына қолдау көрсетуде
2015 жылдың 17 қарашасында ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитетінің жоғары қызметті бес қызметкері Брюссель қаласындағы Еуропалық комиссияның төтенше жағдайларға жедел жауап қайтару орталығына (ЕКТЖЖЖҚО) сапарын аяқтады.
ЕҚЫҰ-ның Астанадағы бағдарламалар офисі мен Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған танысу сапарының басты мақсаты делегацияны экологиялық және өнеркәсіптік сипаттағы апаттарға дайындық, қарсы іс-қимылдар және апат салдарын қалыпқа келтіру мәселелеріндегі үздік тәжірибемен таныстыру болды. Сапар барысында делегация қатысушылары ЕКТЖЖЖҚО осы саладағы тәжірибесін ескере отырып, оңтайлы серіктестік құру, төтенше жағдайларды тиімді басқаруды енгізу және орынды басқару стандарттарының қолданылуын алға қою бастамаларын дамыту тәжірибесі жайлы білді.
Танысу сапары Бағдарламалар офисінің төтенше жағдайларды басқарудағы ең үздік тәжірибені ілгері дамытуға және уақтылы жоспарлау, тиісті басқару жүргізу және мемлекетаралық ынтымақтастық арқылы тәуекелді азайтуға бағытталған ұзақ мерзімді шараларының бір бөлігі болып табылады.