ЕҚЫҰ Қазақстандағы билік және азаматтық қоғам өкілдерін экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарды оқытуда
КӨКШЕТАУ, Қазақстан, 16 қараша 2015 ж. – Бүгін Көкшетауда ЕҚЫҰ қолдауымен басталған семинарда облыстық және қалалық әкімдіктердің, үкіметтік емес ұйым мен кәсіподақ ұйымдарының шамамен 20 өкілі Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактінің (ЭӘМҚХП) қағидалары және оларды Қазақстанда қолдану туралы біледі.
Ұлттық сарапшылар мен БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссар офисінің өкілі қатысушыларға еңбек үдерісін басқарудағы адам құқықтарының ерекше қырлары, жеткілікті баспананың болуы, денсаулық сақтау мен әлеуметтік және экономикалық қауіпсіздіктің басқа да мәселелері туралы мәлімет береді. Сонымен қатар олар қатысушыларды сұхбатты іске асыру және білім беруді жылжыту арқылы даулардың алдын алу әдістерімен таныстырады.
«Адам құқықтары мен заң үстемдігі мәселелері ЕҚЫҰ-ның барлық өлшемдерінің негізін құрайды. Оларды сақтау тиісті басқару іс-шараларында, сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдастырылған қылмыспен күресте, дауларды алдын алуда, сауда мен қолайлы іскерлік климатты дамытуға қажет», - деді Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі басшысының орынбасары Мирко Гюнтер. «Тәжірибе көрсеткендей, адам құқықтарын сақтау, атап айтқанда экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар тек қауіпсіздік үшін өте маңызды емес, сонымен қатар экономикалық жағынан тиімді».
Ақмола облысы әкімдігінің Ішкі саясатты басқару департаменті өкілі Серік Сәдуақасов сөйлеген сөзінде: «Біздің ҮЕҰ өз әлеуетін барынша ашуына және еңбек қатынастарын үндестіруге, халықтың маңызды мәселелерін шешуге және мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттарының ынтымақтастығын тереңдетуге белсенді қатысуына тырысамыз. Бұл мағынада бүгінгі семинар, құқықтық сауаттылықты арттыруға және үкіметтік емес сектордың қоғам өміріне қатысуына үлкен көмек көрсетеді деп үміттенемін», - деп атап өтті.
Семинар бүкіл Қазақстан бойынша Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы халықаралық пактіні іске асыруға және жан-жақты тәсілді қолдануды көздейді.
Іс-шара Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Ақмола облысының әкімдігімен және Қазақстанда Парламентаризмді дамыту қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырды. Бұл тақырып жөніндегі екінші семинар қарашаның соңында Алматы облысының Талдықорған қаласында өтеді.
Осы іс-шара Бағдарламалар офисінің билік органдары, азаматтық қоғам, бұқаралық ақпарат құралдары мен халықтың арасында қабылдаушы елде адам құқықтары мен негізгі бостандықтарды сақтау саласында ынтымақтастық пен диалогты жылжыту жөніндегі ұзақ мерзімді күш салуының бөлігі болып табылады.