ЕҚЫҰ Қазақстандағы орта мектептердің мұғалімдеріне арналған энерготиімділік мәселелері жөнінде семинар өткізуге қолдау көрсетуде
2015 жылы 9 қарашада Қазақстан, Өскемен қ., ЕҚЫҰ қолдауымен мектеп мұғалімдеріне арналған энерготиімділік мәселелері жөнінде оқыту семинар өтті. Іс-шара Астана, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары орта мектептерінің 300-ден астам мұғалімі оқу шеңберіндегі үш сабақ сериясында соңғысы болып табылады.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі ҚР Білім және ғылым министрлігімен, «Адам денсаулығы институты» үкіметтік емес ұйымымен, Норвегияның табиғатты қорғау қоғамымен, «Экообраз» қоғамдық бірлестігімен және «Астана Экспо-2017» ұлттық компаниясымен бірлесіп ұйымдастырды.
Бағдарламаның шеңберінде мұғалімдерге күнделікті өмірде пайдалануға болатын энергия сақтайтын тәсілдерді, жасыл технологиялардың мектептер мен үйлерде қолданылуына, сондай-ақ оқушыларды экологиялық мәселелерге үйрету әдістеріне ерекше көңіл аудара отырып, ұсынды.
Оқыту семинарлар география, биология, информатика және бастауыш сыныптардың мұғалімдеріне арналды. Олар оқушылар арасында энергияны сақтау мәдениетін жылжытуға бағытталған.
Іс-шара ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қызметінің Қазақстан жастарының тұрақты даму туралы хабардарлығының деңгейін жоғарылатуға бағытталған қызметінің бөлігі болып табылады және ЕҚЫҰ-да 2014 жылы Швейцарияның және 2015 жылы Сербияның жастарды тарту бойынша төрағалық басымдылығына сәйкес келеді.