ЕҚЫҰ Қазақстандағы орта мектептің оқушылары мен оқытушылары үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі пилоттық бағдарламаны қолдауда
2015 жылдың 30 қазанында Алматыда ЕҚЫҰ қолдауымен орта мектептердің 100 мұғалімі үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі жаңа оқу бағдарламасы бойынша оқыту семинары өтті. Бұл семинар Алматы қаласында екі қазақ тілді және үш орыс тілді мектептің 150 оқушы үшін өткен бірқатар курстардың қорытынды кезеңі болып табылады.
Іс-шараны Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігімен, Білім және ғылым министрлігімен, сондай-ақ Транспаренси Интернешнл, Қазақстан үкіметтік емес ұйымымен бірлесіп ұйымдастырды.
Оқыту семинарлары жастар арасында құқықтық білім беруді қолдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетке ықпал ету мақсатында ЕҚЫҰ әзірлеген сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету бағдарламасын іске асырудың келесі қадамы болып табылады.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі оқу модульдері семинарлардың практикалық сабақтарында және дәрістерінде ұсынылды. Оқушылар мен оқытушылар әдіснаманың және оқу бағдарламалардың тиімділігі туралы өз пікірлерін білдірді. Әзірленген ұсынымдар cыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту жөніндегі нұсқаудың соңғы нұсқасына енгізіледі, сосын Білім және ғылым министрлігіне ықтимал бекіту және елдегі барлық мектептерде жүргізілетін сыныптан тыс сабақтарға енгізу үшін ұсынылады.
Жоба ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі қызметінің ЕҚЫҰ-дағы 2014 ж. Швейцария мен 2015 ж. Серб төрағалықтарының басымдықтарына сәйкес тиісті басқаруды жылжытуға және сыйбайлас жемқорлықпен күреске әрі жастарды тартуға бағытталған бөлігі болып табылады.