ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Қазақстанда адами өлшем бойынша жұмыс тобының отырысын қолдауда
ЕҚЫҰ Астанадағы бағдарламалар офисі Астанада 2015 жылы 28 қазанда өткен Сыртқы істер министрлігінің жанындағы адами өлшемі жөніндегі консультативтік-кеңесші орган жұмыс тобының және кіші топтарының бірлескен отырысын қолдады.
Іс-шараны 30 жуық мемлекеттік органдар өкілдері, парламент депутаттары, адам құқықтарын қорғаушылар, сондай-ақ үкіметтік емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысуымен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі және Адам құқықтары мен заңдылықты қатамасыз ету жөніндегі қазақстандық халықаралық бюросы бірлесіп ұйымдастырды. Қатысушылар консультативтік-кеңесші орган жұмыс тобының және оның демократияны дамыту, заң үстемдігі, адамның іргелі құқықтары мен бостандықтары, сондай-ақ заң шығару процесіне жұртшылықтың қатысуы жөніндегі топшаларының қызметін талқылады. Олар адами өлшем жұмыс тобы мүшелерінің бірлесіп әзірлеген жаңартылған ұсынымдар тізбесі және келісілген ұсыныстарды жүзеге асыру бойынша үйлестірілген саясатты ілгерілету бойынша диалогты жалғастыруға келісті.
Іс-шарада сонымен қатар 2015-2018 жылдарға арналған Адам құқықтары жөніндегі Әмбебап кезеңдік шолу шеңберіндегі ұсынымдарды жүзеге асыруда қабылдаушы елдің әзірлеген іс-шаралар жоспарына қатысты ұсыныстар жиынтығы қарастырылды.
Іс-шара адам құқықтарын, негізгі бостандықтарын және заң үстемдігін нығайтуға байланысты Офистің қабылдаушы елге қолдау көрсетудегі ұзақ мерзімді жұмысының құрамдас бөлігі болып табылады.