Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі Орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы әрекет етуді қолдауда
ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған орталық Азияда зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы әрекет ету бойынша зерттеу семинары 3 қыркүйек 2015 ж. Астана қаласында аяқталды. Екі күндік іс-шара Гаага – Терроризммен күрес жөніндегі халықаралық орталықпен және Астанадағы қауіпсіздік бағдарламалары бойынша орталықпен бірлесіп, Солтүстік Атлант Шарты ұйымының «Ғылым бейбітшілік және қауіпсіздік үшін» бағдарламасының қаржылық қолдауымен және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің қолдауымен ұйымдастырылды.
Семинар зорлық-зомбылық экстремизмге қарсы әрекет етуде сарапшылар арасында тәжірибе және идеялар алмасуға ықпалдастық етуге бағытталды.
Қорытынды дөңгелек үстел қатысушылары терроризмге апаратын зорлық зомбылық экстремизмі мен радикалдандырудың қазіргі тенденциялары, индикаторлары мен оларға жауап ету әрекеттерін талқыға салды.
Талқылауға Албания, Бельгия, Германия, Жапония, Қазақстан, Нидерланды, Нигерия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Түркия, Түркменстан, Құрама Штаттары, Біріккен Корольдік және Өзбекстаннан келген 40-қа жуық БҮҰ сарапшылары, үкіметтік шенеуніктер және практик-мамандар қатысты.
Іс-шара қатысушылары терроризмге апаратын зорлық-зомбылық экстремизм мен радикалдандыруға қарсы әрекет ету мен осы бағытта халықаралық ынтымақтастықты ілгері дамыту бойынша ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің көп жылғы қызметінің бір бөлігі болып табылады.