ЕҚЫҰ Қазақстанда сот практикасында сөз бостандығы стандарттарының қолдануына ықпалдастық етуде
АСТАНА, 9 маусым 2014 ж. - Бүгін Астанада ЕҚЫҰ қолдауымен сөз бостандығының халықаралық стандарттарына сәйкес сот жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған үйретуші семинары басталды.
Екі күндік шара ЕҚЫҰ Астанадағы орталығы Жоғарғы Сот, «Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры және «ARTICLE 19» құқық қорғау ұйымымен бірлесіп, Жоғарғы Сот пен ел аймақтарының 30 судьяларына ұйымдастырылды.
Қатысушылар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті баптарының практикалық қолданылуымен танысады. Адам құқықтары жөніндегі Еуропалық сот судьясы, ұлттық және халықаралық сарапшылар оларға Интернетті реттеу мен көпшілік ақпаратқа қол жетімділіктің халықаралық қағидаттарын, сонымен қатар Қазақстанның қазіргі ұлттық заңнамасы сөз бостандығын қалай қорғайтындығын жете түсінуге көмектеседі. Олар сонымен қатар БҰҰ адам құқықтары жөніндегі Комитет пен адам құқықтары жөніндегі Еуропалық соттың шешімдерін талқыға салады.
«Сөз бостандығы негізгі адам құқықтарының бірі болып табылады. Ерік білдіру бостандығының кез келген шектелуі заңнамаға сәйкес тек соттармен ғана іске асырылуы тиіс», - деді елші Наталья Зарудная, ЕҚЫҰ Астанадағы орталығының басшысы. «Бұл семинар судьяларға халықаралық стандарттарды қолдану бойынша практикалық білім беріп, сөз бостандығы мен оның халықаралық құқықта түсіндірмелеріне байланысты Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакті баптарының мағынасын түсінуге көмек береді».
Қайрат Мәми, ҚР Жоғарғы Сот Төрағасы былай деді: «Қазақстанның Конституциясы сөз бостандығы мен абырой мен қадір-қасиетті қорғауға халықаралық демократиялық стандарттарға сәйкес кепілдік береді және барлық демократиялық елдердің сот органдары осы құқықтарды бұзу туралы күрделі дауларды шешуге мәжбүр». Ол: «Осы семинар қазақстандық және еуропалық судьялар арасында осындай істерді қарастыруда тәжірибемен алмасуға көмектеседі», - деп қосты.
Семинар ЕҚЫҰ орталығының қабылдаушы елге сот жүйесінің тиімділігін арттыру мен заң билігін қолдауға жәрдемдесу етудегі жұмысының бөлігі болып табылады.