ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстандағы жобаларды басқару мәселелері бойынша прокуратура қызметкерлеріне қолдау көрсетуде.
2014 жылдың 2 мамыры күні Астана қаласында ҚР Бас прокуратурасының 20 астам қызметкерлеріне арналған жобаларды тиімді әрі ашық басқару жөніндегі төрт күндік оқыту семинары өз жұмысын бастады.
ҚР Бас прокуратурасымен бірлесіп ЕҚЫҰ Астанадағы Орталығы ұйымдастырған «Жаттықтырушыларға арнлаған тренингі» Бас прокуратура қызметкерлері үшін арнайы әзірленген. Аталмыш тренинг қызметті теріс пайдалану, сыбайлас жемқорлық немесе қаржыны ысырап ету күдігі бар жобалармен байланысты қылмыстық істерді қарастырудағы кәсіби білім мен дағдыларды жақсартуға бағытталған.
Бұл курс сыбайлас жемқорлықпен күресу мақсатында жобаларды басқару әдістемелерінің қолданылуына, ашықтық пен жүргізілетін бақылауды арттыруға арналған. Шара Орталықтың ұйымдастырылған қылмыс деңгейін азайтуға және экономикалық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлшегі болып табылады.