ЕҚЫҰ Орталығы мұнай ағылуын алдын алу, дайындық жүргізу және тиісті іс-қимылдар қолдану мәселелерінің жетілдірілуіне ықпалдасуда
Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы басшысының орынбасары Жаннетт Клетцер ханым өнеркәсіптік қауіпсіздік және мұнай ағылуын алдын алу, дайындық жүргізу және тиісті іс-қимылдар қолдану мәселелері көтерілген 2013 жылдың 14 наурызында Алматы қаласында өткен конференцияға қатысты.
Клетцер ханым ЕҚЫҰ Орталығының, Қазақстанның билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың Каспий теңізі аймағындағы энергетикалық қызметке байланысты экологиялық қауіптің алдын алуда бірлесіп атқарылып келе жатқан іс-әрекеттер жөнінде баяндады. Бұған қоса, ол табиғат ресурстарынан түскен кірісті пайдалануға, соның ішінде қоршаған ортаның қорғалуына және табиғат ресурстарына бай елдердегі энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті жақсартуға бағытталған Қазақстан Республикасындағы өндіріс өнеркәсібінің ашық болу бастамасы жөнінде айтты.
Конференцияға мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компаниялардың, инвесторлары мен Каспий аймағындағы азаматтық қоғамның 100 жуық өкілдері мен халықаралық сарапшылары қатысты.