ЕҚЫҰ және МХҰ Орталық Азияда еңбек көші-қоны саласындағы тәжірибені жетілдіру бойынша шараларды қолдайды
АЛМАТЫ, 26 маусым 2018 ж. – Орталық Азиядағы және Ресей Федерациясындағы еңбекші мигранттардың экономикалық әлеуетін пайдалану мақсатында еңбек көші-қоны саласындағы тәжірибелік әдістер ЕҚЫҰ және Миграция жөніндегі халықаралық ұйымның (МХҰ) қолдауымен өткізілген, бүгін Алматыда аяқталған екі күндік іс-шарада талқыланды.
Еңбек көші-қоны саласында тиімді тәжірибелерді қалыптастырудағы мемлекеттік органдардың, қызметкерлер және жұмыс берушілер қауымдастықтарының, азаматтық сектордың және жеке меншік сектордың рөлі, сондай-ақ заңсыз миграция мәселелерінің шешімдері «Миграциялық саясаттың тиімділігін арттыру Орталық Азияда өңірлік экономикалық тұрақтылықты, өсу мен дамуды қамтамасыз ету құралы ретінде» семинарындағы пікірталастың негізгі тақырыптары болды.
Талқылауға Орталық Азия және Ресей Федерациясы миграциялық өкіметтерінің, ішкі істер және еңбек министрліктерінің, азаматтық қоғам мен ғылыми топтарының, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың, соның ішінде Еуразия экономикалық одағының және Еуропа одағының шамамен 60 өкілі қатысты.
«Миграцияны әлеуметтік-экономикалық дамуды күшейту құралы ретінде пайдалану үшін шығу елдері мен арналым елдері арасында сенім және ынтымақтастық қажет», - деді Тереза Альбано, ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет координаторы кеңсесінің экономикалық мәселелер жөніндегі қызметкері. «Біз барлық тартылған мүдделі тараптардың, үкіметтердің, мигранттардың қабылдаушы қауымдардың, жеке меншік сектордың өмірлері мен болашағын жақсарту үшін бірлесіп жасайтын жұмыстың бағыттарын анықтағымыз келеді».
«Осы салада жасаған қызметіміздің соңғы 57 жылы ішінде білгеніміз – диалог пен ынтымақтастықты үнемі дамыту қажет», - деді Деян Кесерович, Орталық Азия бойынша үйлестіруші және Миграция жөніндегі халықаралық ұйым Миссиясының басшысы. «Біз үкіметке, азаматтық қоғамға және жеке меншік секторға өңірдегі жылдам өзгеретін миграциялық сценарийлердің көптеген сын-тегеуріндеріне сәйкес шешімдерді анықтауда қолдау көрсетуді жалғастыруға дайынбыз».
Қатысушылар ротациялық негізде қатысушы елдерде өткізілетін жыл сайынғы пікірталастарды жалғастыруға келісті. Осылайша, бұл өңірде жүргізілетін пилоттық бастамаларды талқылауға және барлық тараптардың пайдасына алдыңғы тәжірибеден сабақ алуға мүмкіндік береді.
Семинарды ЕҚЫҰ экономикалық және экологиялық қызмет Үйлестірушісінің Бюросы және Астанадағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі МХҰ-мен және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесе отырып ұйымдастырған.
Іс-шара әлеуетті арттыру және озық тәжірибемен алмасу арқылы тиісті басқаруды алға жылжыту жөніндегі ЕҚЫҰ қызметінің бөлігі болып табылады.