ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстаннан улы ракета отынының 400-ден астам тоннасы шығарылды
САРЫӨЗЕК, ҚАЗАҚСТАН, 29 маусым 2013 ж. – апаттық жағдайдағы контейнерлерде сақталған ракета отыныны улы компонентінің 410 тоннасы тиелген пойыз ЕҚЫҰ қолдаған жоба аясында Ресейдің Дзержинск қаласындағы мамандандырылған химия зауытында қауіпсіз пайдаға асыру үшін Қазақстаннан бүгін шығарылды.
ЕҚЫҰ қатысушы мемлекеттерінің жақын және орта қашықтық ракеталарына арналған сұйық отын құрамы ретінде «Қырғи қабақ соғысы» кезінде Варшава келісімі шеңберінде кеңінен пайдаланылған елдерде ракета отынының аса улы, ұшпалы, жаңғыш құрамының – меланждтан шығатын денсаулыққа, қоршаған ортаға төңдіретін қауіпін жою жөнінде шешім табуға көмектеседі.
Меланжты тиеуді аяқтауға және оны әрі қарай пайдаға асыру үшін Ресей Федерациясына жөнелтуге байланысты Сарыөзек станциясында өткен салтанатты рәсімде елші, Наталья Зарудная, Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығының басшысы : «Біз меланжтың Қазақстан аумағынан қауіпсіз тиеліп, шығарылуын қамтамасыз етуге көмектескен барлық серіктестеріміздің ынтымақтастықпен қолдауын жоғары бағалаймыз. Барлық қатысушы елдердің кәсібилігінің, сараптамалық және қаржылай қолдауының арқасында бұл аса қауіпті зат осы елдегі адамдар мен қоршаған орта үшін бұдан былай қауіп төндірмейді», - деді.
Қазақстандағы меланжты пайдаға асыру ЕҚЫҰ бірнеше қатысушы мемлекеттерінің аумағынан улы компоненттерді шығару жөніндегі ЕҚЫҰ ауқымы кеңірек қызметтерінің бір бөлігі болып табылады. Кеңес Одағының құлдырауына байланысты меланждың көп мөлшері бұрынғы кеңес елдерінің, одақтары мен серіктестерінің аумағында пайдалану үшін жарамсыз болып қалды. Жобаның барлық жекелеген кезеңдері, соның ішінде компоненттерді тиеу, түсіру, пайдаға асыру ЕҚЫҰ тарапынан бақылануда.
Меланжты пайдаға асыру бүгінгі күні ЕҚЫҰ-ның ең ауқымды қызметі болып табылады, оны Албания, Армения, Болгария, Грузия, Қазақстан, Черногория және Украина сияқты елдерде жүргізіледі және донорлармен қаржыландыруда. Чех Республикасы, Дания, Финляндия, Германия, Венгрия, Норвегия, Польша, Испания, Швеция (Шведтік халықаралық даму және ынтымақтастық агенттігі арқылы) және Америка Құрама Штаттары қаржылай қолдауды көрсетті.
Пайдаға асыру жобасы Қазақстан Республикасы 80 пайызға дейін және Испания демеуші болып қаржыландырды және жобаны Астанадағы ЕҚЫҰ Орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен, «Техноазот» ғылыми-өндірістік фирмасы, «Я.М.Свердлов атындағы зауыт» федералдық қазыналық Ресей кәсіпорындарымен бірге іске асырылды.