ЕҚЫҰ Қазақстандағы сайлау кезіндегі халықаралық бақылаушыларға арналған семинарды қолдауда
2021 жылдың 18 қарашасында Нұр-Cұлтан қаласында ЕҚЫҰ қолдауымен халықаралық бақылаушылар үшін сайлау бақылаушыларының құқықтары мен міндеттері туралы қатысушылардың хабардарлығын арттыруға бағытталған оқу семинары өтті. Іс-шара Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы және ЕҚЫҰ Демократиялық институттар мен адам құқықтары жөніндегі бюросының (ДИАҚБ) қолдауымен ұйымдастырылды.
Бір күндік семинарда Грузия, Молдова, Өзбекстан және басқа елдердегі сайлауды бақылаудың құқықтық және тәжірибелік аспектілері сияқты тақырыптар қозғалды. Семинар барысында ЕҚЫҰ/ДИАҚБ соңғы сайлауды бақылау жөніндегі миссиясының баяндамасындағы сайлау процесіне сенімді нығайту және тіркеу жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарға ерекше назар аударылды.
Аралас форматтағы семинар халықаралық бақылаушы ретінде тәжірибесі бар немесе болашақта осы салада жұмыс жасағысы келетін үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдардың 50-ге жуық қатысушылары мен өңірлік сайлау комиссияларының 30-ға жуық өкілдерін біріктірді. Қатысушылар әртүрлі елдердегі сайлауды байқау тәжірибесімен, миссиялар кезінде байқаушылар тап болған қиындықтармен, сайлауды бақылаудың әдістемесі және стандарттарымен, сондай-ақ пандемияның сайлауды бақылау жүйесіне енгізген жаңалықтарымен танысты. Презентациялар интерактивті сессияға ұласты, оның барысында қатысушылар техникалық сарапшылармен кеңесіп, жеке жағдайлар мен кейінгі әрекеттерді талқылады. Баяндамадан соң интерактивті сессия өткізілді, оның барысында қатысушылар техникалық мәселелер бойынша сарапшылардан кеңес алып, мәселелерді шешу бойынша сценарийлер құрды.
Аталған оқу семинары Бағдарламалар Офисінің сайлау процедураларының ашық және жауапты болуын арттыру, ЕҚЫҰ ұстанымдары мен қағидаларына сәйкес демократиялық институттарды күшейту жолындағы ұзақ мерзімді жұмысының бір бөлігі болып табылады.