ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі Шекара қызметін жол жүру құжаттарының түпнұсқалығын тексеретін құрылғылармен қамтамасыз етті
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жол жүру құжаттарының түпнұсқалығын тексеретін 200-ден астам құрылғыны сыйға тартты. Сыйға тарту туралы келісімге қол қою 2021 жылдың 13 желтоқсанында Нұр-Сұлтан қаласында өтті. Шекара қызметі құрылғыларды елдегі шекара бекеттеріндегі шекаралық бақылау барысында жалған жол жүру құжаттарын анықтау үшін пайдаланады.
Құжаттарды тапсыру рәсіміне ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы Фолькер Фробарт және Шекара қызметі директорының орынбасары полковник Асқат Садықұлов қатысты. Екеуі де екі ұйым арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығын атап өтті. Екі жақ келер жылы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға, қауіпсіздік пен шекараны басқару салаларында қолдау көрсету және өзара тәжірибе алмасу арқылы әріптестікті жалғастыруға дайын екендіктерін растады.
Құрылғыларды тапсыру рәсімі Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елде Шекара қызметінің жол жүру құжаттарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі көпжылдық бағдарламасының жүргізілуіне ат салысуға және ұлттық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған.