ЕҚЫҰ жас саяси кеңесшілерге арналған курсты қолдайды
2021 жылы 22-26 қараша аралығында Нұр-Сұлтан қаласында Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюросы (ДИАҚБ) және Берлиндегі Херти басқару мектебімен бірлесіп жас саяси кеңесшілерге арналған курсты ұйымдастырды.
Іс-шараға 5 халықаралық сарапшылар және Қазақстандағы салалық министрліктердің, Парламенттің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ғылыми қауымдастық пен бизнес секторының 23 жас өкілдері қатысты.
Курстың мақсаты қатысушылардың негізгі міндеттерін атқаруға және саяси стратегияларды қалыптастыруға, сондай-ақ Қазақстандағы маңызды саяси мәселелерді шешуге қажетті дағдыларын дамыту болды.
Курстың оқу бағдарламасы жеке тәлімгерлік, тәжірибелік оқыту (симуляциялар мен рөлдік ойындар), сарапшылық дәрістер және әріптестер арасындағы өзара әрекеттесу сияқты аралас оқытудың инновациялық әдістерін қамтыды. Курстың лекциялары мен жаттығулары қатысушылардың негізгі міндеттерін орындау, саяси мәселелерді шешуде тиімді кеңес беру, күрделі саяси жағдайларды қалыптастыру, инклюзивті саяси талдау жүргізу, сонымен қатар, бағдарламалар мен сөйлеу мәтіндерін жазу, жұмсақ дағдыларын дамыту, коммуникациялық стратегияларды әзірлеу, қоғамдық дипломатия жүргізу, БАҚ-пен жұмыс, тиімді қарым-қатынас жасау үшін қажет практикалық дағдыларын арттыруға арнайы әзірленген.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің Қазақстандағы демократиялық институттар мен ЕҚЫҰ демократиялық басқару саласындағы міндеттемелерінің атқарылуына жәрдемдесуге бағытталған үздіксіз жұмысының бір бөлігі болып табылады.