ЕҚЫҰ Заңгерлер форумын қолдайды
2021 жылдың 19 қарашасында ЕҚЫҰ қолдауымен заңгерлердің онлайн форумы аяқталды. Шараны Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі Республикалық адвокаттар алқасы және Құқықтық саясатты зерттеу орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.
Іс-шара адвокаттардың институционалдық және кәсіби тәуелсіздігі мәселелеріне, қазіргі жағдайда көрсетілетін заңгерлік көмектің сапасы мен цифрландыру жағдайында заң көмегін шешу жолдарына арналды.
Форумға адвокаттар алқасының, үкіметтік емес ұйымдардың, халықаралық сарапшылар мен адвокаттардың атынан 130-ға жуық қатысушы қатысты. Қатысушылар заңгерлер өз жұмысын орындау барысында тап болатын мәселелерді шешудің ықтимал жолдарын талқылады.
Іс-шара Бағдарламалар офисінің қабылдаушы елдегі заң үстемдігін нығайту және заңгер мамандығының дамуын қолдау жөніндегі көпжылдық жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.