ЕҚЫҰ адвокаттар мен заң консультанттары үшін оқыту семинарын ұйымдастырады
2021 жылғы 21 және 22 қазанда Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі адвокаттар үшін кәсіби қоғамдастықтардың әлеуетін арттыру бойынша екі күндік онлайн семинар-тренинг ұйымдастырды.
65-ке жуық адвокат, заң консультанттары, адвокаттар алқасы мен заң консультанттар палатасының өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар кәсіби қоғамдастыққа қабылдау үшін біліктілік емтихандары немесе сертификаттау стандарттары саласындағы озық тәжірибені, адвокаттар мен заң консультанттарының кәсіби міндеттеріне және кәсіби қоғамдастықтардың есеп беруіне байланысты мәселелерді талқылады.
Семинар сондай-ақ кәсіби қоғамдардың тәртіптік кеңестері саласындағы халықаралық тәжірибеге және кәсіби адвокаттар қауымдастықтарының сот төрелігі мақсаттарына қол жеткізудегі және кәсіби стандарттар мен этиканы сақтаудағы үкіметтік және басқа да мекемелермен ынтымақтастығына арналды. Қатысушылар адвокаттар алқасы мен заң консультанттар палатасы сияқты кәсіби қоғамдардың ұйымдастырушылық жұмысын жақсарту бойынша ұсыныстар жасады.
Іс-шара заң үстемдігін нығайту және қабылдаушы елдегі адвокатура институтының дамуын қолдау жөніндегі Бағдарламалар офисінің көпжылдық жумыстарының бір бөлігі болып табылады.