ЕҚЫҰ жасырын есірткі зертханаларына байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл тақырыбына семинар өткізуге қолдау көрсетті
2021 жылғы 30 қыркүйекте ЕҚЫҰ қолдауымен ұйымдастырылған жасырын есірткі зертханаларына байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимыл тақырыбындағы екі күндік онлайн-семинар аяқталды. Іс-шараға Қазақстанның түрлі өңірлерінен есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимылға жауапты 100-ге жуық құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Семинарды ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар офисі Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясымен бірлесіп ұйымдастырды. Іс-шара барысында жасырын есірткі зертханалары болып табылатын қауіп-қатерге талдау жасалды. Ұлттық және халықаралық сарапшылар Қазақстандағы осындай зертханалармен байланысты қылмыстарды тергеу әдістемелерін, жасырын зертханаларында амфетамин қатары ынталандырғыштарын өндіру ерекшеліктерін, сондай-ақ жасырын есірткі зертханаларымен байланысты қылмыстарды анықтаудағы, тергеудегі және алдын алудағы АҚШ тәжірибесін талқылады.
Іс-шара ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің Қазақстандағы есірткінің заңсыз айналыммен және саудасымен күреске бағытталған көп жылғы күш-жігерінің шеңберінде өткізілді.