ЕҚЫҰ Қазақстанда Орхус конвенциясының принциптерін енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізуді қолдайды
2021 жылғы 7 қазанда Түркістанда ЕҚЫҰ қолдауымен аралас форматта өткен Қазақстандағы Орхус конвенциясының қағидаттарын іске асыру мәселелері бойынша дөңгелек үстел аяқталды.
Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисі және Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қоршаған ортаны қорғау ақпараттық-талдау орталығы (ақпараттық-талдау орталығы) ұйымдастырған іс-шараға 60-қа жуық өкіл, оның ішінде 30-ы онлайн режимде мемлекеттік құрылымдардан, Орхус орталықтарынан, жеке сектордан және еліміздің әртүрлі өңірлерінен үкіметтік емес табиғатты қорғау ұйымдарынан жиналды.
Екі күндік іс-шара Орхус конвенциясын жүзеге асыруға, соның ішінде 2021 жылғы 1 шілдеде күшіне енген Қазақстанның жаңа экологиялық кодексіне сәйкес ластаушы заттардың шығарындылары мен тасымалдарының тіркелімі (ЛШТТ) хаттамасын және генетикалық модификацияланған ағзалар (ГМА) туралы түзетуді қолдануға арналды. Қатысушылар COVID-19 пандемиясында халықтың алдында тұрған мәселелерді талқылап, телеконференц байланыс құралдарының маңыздылығын атап өтті.
Ақпараттық-талдау орталығының өкілі жақында іске қосылған экологиялық порталдың негізгі жұмыс аспектілерінің тұсаукесерін өткізді, онда бірнеше модуль, оның ішінде Орхус конвенциясы аясындағы қоғамдық тыңдауларға арналған модуль бар. Жаңа заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде қазір компаниялар қоршаған ортаға әсер ететін жұмыстар туралы ақпаратты алдыңғы тәжірибеде айналып өтуге болатын орталықтандырылған жерде жариялауға міндетті. Бұдан былай ecoportal.kz сайтында азаматтар экологиялық тыңдаулар туралы веб-порталдағы өзінің жеке кабинеті арқылы біле алады, осындай іс-шараларға қатысу үшін тіркеліп, қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтар қоя алады.
Бұл іс-шара Орхус конвенциясы бойынша тиісті экологиялық реттеуді ілгерілету және қабылдаушы елге оның міндеттемелерін орындауда көмек көрсету жөніндегі Бағдарламалар офисінің көпжылдық қызметі шеңберінде өткізіледі.