ЕҚЫҰ Қазақстанның жаңа экологиялық кодексі бойынша таныстыру семинарын қолдайды
2021 жылғы 8 қыркүйекте ЕҚЫҰ қолдауымен Қазақстанның жаңа экологиялық кодексі бойынша таныстыру семинары өтті. Іс-шара онлайн форматта өткізілді және оған Парламенттің, облыстық экология департаменттерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және жеке сектордың 90-ға жуық өкілдері қатысты.
Бұл іс-шара Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығымен ынтымақтастықта Нұр-Сұлтандағы ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің ұйымдастырған үш семинарының қорытындысы болып табылады. Оның мақсаты 2021 жылдың қаңтарында қабылданған және осы жылдың шілдесінде күшіне енген Қазақстанның жаңа экологиялық кодексінің ережелері туралы хабардар болуды арттыру болды.
Семинар жаңа нормативтік-құқықтық базаның құқықтық аспектілеріне, соның ішінде қоғамдық қатысу қағидатына, экологиялық ақпаратқа қол жеткізу құқығына және «ластаушы төлейді» тұжырымдамасына арналды. Сондай-ақ, қатысушылар мемлекеттік сараптама жүргізу және құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алу аспектілерін талқылады.
Бұл іс-шара қабылдаушы елде «жасыл» экономиканы ілгерілету жөніндегі Бағдарламалар офисінің ұзақ мерзімді күш-жігерінің, сондай-ақ экологиялық қауіпсіздікті күшейту шеңберінде тұрақты даму қағидаттарының бір бөлігі болып табылады.